Қоғамда саяси реформаларға деген қызығушылық жоғары - Ерлан Қарин

3 Маусым 2022, 19:29
1773
Бөлісу:
Қоғамда саяси реформаларға деген қызығушылық жоғары - Ерлан Қарин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин мәлімдеді. 

Бүгін Референдум-2022 үгіт науқанының соңғы күні. Ертең – тыныштық күні, бүрсігүні – конституциялық реформа бойынша дауыс беретін күн. Айта кетерлігі, үгіт науқаны өте белсенді, серпінді өтті. Қоғамда конституциялық өзгерістер мен жалпы саяси реформалар тақырыбына деген айтарлықтай жоғары қызығушылық байқалады. Сонымен қатар Ұлттық кеңестегі әріптестеріммен бірге конституциялық реформаны түсіндіру жұмыстарына қатыстық. Атап айтқанда, Қызылорда облысы, Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан облысына бардық. Ол жерлерде аймақтық қоғамдық кеңестің өкілдерімен, шығармашылық және ғылымның зиялы қауымымен, жастармен әртүрлі сипаттағы кездесулер өткіздік, - деп атап өтті ол. 

Сонымен қатар ол азаматтардың елде орын алып жатқан өзгерістерге бей-жай қарамайтындығын жеткізді. 

Айта кетерлігі, жасына, немен айналысатынына және тұратын жеріне қарамастан, қазақстандықтар елде орын алып жатқан өзгерістерге үлкен назар аударып отыр. Азаматтардың басым көпшілігі жалпы президенттік саяси жаңғыру бағдарламасын да, жекелей алғанда, Конституциядағы өзгерістерді де қолдап отыр. Сондай-ақ ҰҚСК мүшелерімен бірге түрлі сарапшылар алаңы мен БАҚ-та конституциялық реформаның негізгі қағидаларын  талқыладық. Мысалы, бұл А. Байтасов мен М. Әбеновтің YouTube-арналарында да жүзеге асырылды, - деді Ерлан Қарин. 

Айтуынша, үгіт-насихат жұмыстары артық ұрандатусыз өткен. 

Әдістемелік көмек үшін әлеуметтік желілерде Конституцияға өзгеріс енгізудің негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша екі бейнеролик жарияланды. Көпшілік айтып отырғандай, көптеген үгіт жұмыстары «жалаулатқан форумдарсыз» өтті. Бүкіл науқан қоғамдық диалог, әңгіме және талқылау форматында өткізілді. Бұл Жаңа Қазақстанның жаңа саяси мәдениетін қалыптастырудағы алғашқы қадамдар, - деді Мемлекеттік хатшы. 

Өзгелердің жаңалығы