Қоғам белсенділері мен ҚМА интернет-алаяқтықпен бірлесе күреспек

3 Қараша 2023, 22:32
716
Бөлісу:
Қоғам белсенділері мен ҚМА интернет-алаяқтықпен бірлесе күреспек
Фото: gov.kz

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында Қаржы мониторингі агенттігі мен «Медицина Жастары» РҚБ өкілдері Интернеттегі алаяқтық схемалардың алдын алу бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Меморандумның мақсаты – жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, интернеттегі алаяқтық жағдайларының алдын алу, интернет-алаяқтыққа қарсы күресте жастар мен мемлекеттік органдарды, банк секторын жұмылдыру.

Ынтымақтастық шеңберінде тараптар еріктілерді даярлау жұмыстарын, халықтың, оның ішінде жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Медицина жастары» РҚБ алаяқтық схемалардың алдын алу және жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Alayaq.net» республикалық жастар қозғалысын ұйымдастырды. Еліміздің барлық өңірлерінде қозғалыс белсенділері сауаттылықты арттыруға бағытталған марафондар өткізіп жатыр. Бүгінге дейін марафонға 3500-ден астам адам қосылған.

«Alayaq.net» сайты іске қосылды. Оның көмегімен азаматтар интернеттегі алаяқтық фактілері туралы хабарлай алады, «Alayaq.net» республикалық жастар қозғалысының мүшесі атанып, алаяқтықпен күреске өз үлесін қоса алады. Сонымен қатар, «Сарапшы-блогерлер мектебі» құрылды. «Alayaq.net» жобасы 2024 жылдың соңында аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы