Биылғы жылдың 27 наурызында Қобда ауданы Исатай Тайманов атындағы гимназияның жертөлесін су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Арнайы техникалардың көмегімен су сорылғанымен, ғимараттың екінші және үшінші қабаттарына зақым келген еді.
Пайда болған әртүрлі ақауларға техникалық сараптама жасалып, нәтижесінде мектеп «жарамды» деп танылды. 81,5 млн тг қаражат бөлінген ағымдағы жөндеу жұмыстары екінші және үшінші қабаттағы оқу кабинеттеріне, сонымен қатар дәлізге, жертөлеге жасалды, - делінген хабарламада.
Бүгінгі күні «Санжар» ЖШС барлық жұмыстарды толығымен аяқтады. Мектеп директоры Марал Айтжанова биылғы жаңа оқу жылына дайынбыз дейді.