Қобда ауылында құрылысшылар 61 үйдің шатырын жабуға көшті

Су тасқынынан зардап шеккен Қобда ауданының орталығында 15 құрылыс компаниясы 130 үй салып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақтөбе облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

26 Маусым 2024 2024, 17:25
АВТОР
 Ақтөбе облысының әкімдігі 26 Маусым 2024 2024, 17:25
26 Маусым 2024 2024, 17:25
806
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Су тасқынынан зардап шеккен Қобда ауданының орталығында 15 құрылыс компаниясы 130 үй салып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақтөбе облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Қазір мердігерлер жұмыс күшін арттыра отырып, құрылысқа қарқын берді. Нәтижесінде 23 тұрғын үйдің шатыры толығымен жабылды, 61 үйдің шатыры жабылуға жақын.

121 тұрғын үйдің кейбірінде кірпіштері қаланған, енді бірінде ақ-қызыл кірпіштерді қалау жұмыстары аяқталмақ. Құрылысшылар сондай-ақ, үйдің ішін де әрлеуді, 9 үйдің іргетасын құюды бастады.

Ал Жарық ауылында 17 үй салынып жатыр. Барлығы кірпіштен тұрғызылып, қабырғалары сылануда.

Құрылыс процесі бейнебақылау камералары арқылы бақыланып отыр.

Наверх