Жаңаөзен қаласында өткен басқосуда ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Маңғыстаудағы BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, 2015-16 жылдары шаһарда қызмет ететін мердігер компаниялардың жұмысшылары 180 мың теңге жалақы алған. Қазір оның көлемі біршама артып, 500-700 мың теңгеге жеткен.
Биыл мердігер мекемелердің жалақыларын 6% индекстедік. Алдағы жылы бұл компанияларды басқару стандарттарын жасаймыз. Еншілес мекемелерге жұмысқа орналасу алгоритмін жасауды қолға алатын боламыз»,- дейді Дәулетжан Хасанов.
Аталмыш шаралар толықтай жүзеге асса, қазір жұмысшылар тарапынан қойылып жатқан талаптардың көбі шешілуі тиіс. Сонда жұмыс көлемі де, жалақы да көтеріліп отырады, деп сендіреді ҚМҚ өкілдері.