ҚМДБ «Жәннаттағы хор қыздары» туралы уағызға байланысты пікір білдірді

18 Тамыз 2022, 14:33
2391
Бөлісу:
ҚМДБ  «Жәннаттағы хор қыздары» туралы уағызға байланысты пікір білдірді

ҚМДБ Сманов Абдулаxад Əбдісаттарұлының әлеуметтік желідегі «Жәннаттағы хор қыздары» туралы уағызына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абдулаxад Əбдісаттарұлы бұл уағызды студент кезінде, нақтырақ айтқанда, 2017 жылдың 22 маусымында айтқан. 2018 жылы шілде айында қателігін мойындап, негізі жоқ «хадисті» айтып, қоғамда түсінбеушілік тудырғаны үшін жамағаттан, жалпы тыңдаушылардан кешірім сұрады, - делінген хабарламада.

Бүгінде А.Сманов ҚМДБ жанындағы «Талаба» студенттер қауымдастығының Сауд Арабия Корольдігі бойынша өкілі. 

Оны тағайындаудағы мақсат – шетелде діни білім алып жатқан студенттерді деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтандыру, жастар арасында ҚМДБ мен мемлекет ұстанымдары туралы тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Діни басқарма өкілі осы бағытта жұмыс істеуде. Абдулахад Смановтың діни сенімі ҚМДБ ұстанымына қайшы келмейтінін мәлімдейміз, - делінген ҚМДБ таратқан хабарламада.

ҚМДБ ата-бабамыз сан ғасырдан бері ұстанып келе жатқан Ислам дінінің дәстүрлі ханафи мәзһабын насихаттайды. 

Ислам дінімен бітеқайнасқан дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, көпдінді, көпұлтты елімізде қалыптасқан құндылықтарды дәріптеу – Діни басқарманың басты жұмыс бағыттарының бірі болып қала береді, - делінген хабарламада. 

Өзгелердің жаңалығы