"Қиындықтар туындауы мүмкін": СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріне саяхаттағысы келетін азаматтарға ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Арман Мухатов  - архив 23 Маусым 2025 2025, 15:28
23 Маусым 2025 2025, 15:28
670
Фото: - архив

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріне саяхаттағысы келетін азаматтарға ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Таяу Шығыс елдеріне туристік мақсатпен баруды жоспарлап жүрген азаматтарымызға айтарымыз: қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, ондай сапарлар туралы жақсылап ойланып, жауапкершілікті өз мойындарыңызға алуларыңызды сұраймыз, - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен баспасөз конференциясында.

Айтуынша, жағдай өзгерсе, эвакуация кезінде қиындықтар туындауы әбден ықтимал.

Өйткені ертеңгі күні жағдай күрделенсе, эвакуациялау кезінде қиындықтар туындауы мүмкін, - деді ведомствоның ресми өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Таяу Шығыстан қанша қазақстандықтың орала алмай отырғандығы туралы айтты.

Наверх