ҚХР төрағасы Си Цзиньпин «Орталық Азия – ҚХР»  саммитін ашты

25 Қаңтар 2022, 14:37
1543
Бөлісу:
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин  «Орталық Азия – ҚХР»  саммитін ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитке қатысып жатыр. 

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин отырысты ашты. 

Алдымен баршаңызды келіп жеткен жаңа жылмен құттықтаймын. Тура 30 жыл бұрын Қытай алғашқылардың бірі болып Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты бастады. Осы уақыт аралығында елдер арасында тұрақты қарым-қатынас орнады. Біз бүгін алдағы 30 жылға арналған жоспарларды талқылаймыз, - деді Си Цзыньпинь.

Шараға Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан елдерінің Мемлекет басшылары онлайн форматта  қатысып жатыр. 

Онлайн форматта өтетін жиынға Қытай тарапы бастамашы болды. 

Көшбасшылар түрлі салалар бойынша Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы көпжақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылайды. 

Іс-шара қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына байланысты Бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланған.

 

 

Өзгелердің жаңалығы