ҚХП атынан 52 кандидат ұсынып отырмыз – Мұқашев

Қазіргі таңда Қазақстан Халық партиясының атынан 52 кандидат ұсынылып отыр.

 Артём Чурсинов  30 Қаңтар 2023 2023, 15:43
30 Қаңтар 2023 2023, 15:43
2062

Бұл туралы Қазақстан Халық партиясының төрағасының орынбасары Серікқали Мұқашев айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Біздің ұстанымымыз бұрынғы олигархиялық жүйенің жасап кеткенінен құтылып, халықтық капитализм орнату, – деді Серікқали Мұқашев.

Мұқашевтың айтуынша, Қазақстан Халық партиясы - ескі жүйеге қарсы.

Бұрын  “өсіп жатырмыз, өркендеп жатырмыз” дедік, бірақ қайда келгенімізді өзіміз де ұқпай қалдық. Қазіргі таңда кландық олигархиялық жүйеден біржола құтылып, біз халықтың жағдайын ойлайтын қоғам құруымыз қажет. Елімізге әлеуметтік жауапкершілігі мол мемлекет керек сонда ғана халықтың жағдайы түзеледі, – деді партия төрағасының орынбасары.

Наверх