Қазақстан халқы Ассамблеясы өрт салдарынан зардап шеккен халыққа көмек көрсету акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы орын алған табиғи өрт апатына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы өрт салдарынан зардап шеккен халыққа көмек көрсету акциясы ұйымдастырылатыны туралы хабарлайды.
4 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және барлық облыстардың Достық үйлеріндегі волонтерлік орталықтардың базасында қаражат пен қажетті заттарды жинау үшін жедел штабтар құрылады.
Осыған байланысты қаражат жинау басымдылықта екенін түсініп, оны арнайы ашылған есеп айырысу шотына жіберсеңіһдер болады: 8 747 482 64 49
Гуманитарлық көмекті жинау (киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық құралдар, төсек-орын жабдықтары) кезінде туындаған сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8-705-558-05-08 – Рамазанова Наталья Сергеевна, Қостанай облысының әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ Қоғамдық даму департаментінің басшысы.
Келіп түскен ақпарат бойынша эвакуацияланған азаматтар азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен және төсек-орынмен қамтамасыз етілген. Алдын ала бағалау бойынша зардап шеккен азаматтарға үйлерін, қожалықтарын, киімдері мен аяқ киімдерін қалпына келтіру қажет болады. Осыған байланысты зардап шеккендерге арнайы ашылған есеп айырысу шотына қаражат жинау басымдылық болып табылады. Бұл жұмысты үйлестіру «Қоғамдық келісім» РММ-ға жүктелді, делінген хабарламада.