Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ҚХА медиафорумы: Медиаэтика мен ЖИ қолданудың қыр-сыры талқыланды

Әсел ӘБІЛБЕК
15 Қыркүйек 2025, 15:15
599
Бөлісу:
 автордан
Фото: автордан

Бүгін ҚХА журналистер клубының «Замануи медиакеңістіктегі этножурналистика: Үрдістері мен даму бағыттары» медиафорумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аталған медиафорумға ҚХА журналистер клубының мүшелері, этноБАҚ өкілдері, өңірлік баспасөз қызметкерлері, медиа сарапшылар, журналистер мен медиаменеджерлер қатысты.

ҚХА медиафорумы: Медиаэтика мен ЖИ қолданудың қыр-сыры талқыланды

Іс-шара сағат 10:00 де қонақтарды тіркеумен басталды.

ҚХА медиафорумы: Медиаэтика мен ЖИ қолданудың қыр-сыры талқыланды

Әр өңірден келген журналистер бір-бірімен пікір алмасып жатыр.

ҚХА медиафорумы: Медиаэтика мен ЖИ қолданудың қыр-сыры талқыланды

Форумды сенат депутаты, ҚХА журналистер клубының төрағасы Әлішер Сатвалдиев ашып, модератор болды.

Журналистер клубының жиындары жылына бірнеше рет орталықта және өңірлерде өтеді. Биылғы медиафорумда ЖИ, әлеуметтік желілердің жаңа форматта дамуы сынды технологияларды өзімізге енгізіп жатырмыз. ЖИ-ді жаппай енгізіп жатырмыз. Бірақ оның кері тұстары да бар. Жастардың өз-өзіне қол жұмсау сынды әрекеттері тіркеліп жатыр. Соның алдын алды-алу үшін қандай жұмыстар атқарылуы керегін талқылаймыз,-дейді сенат депутаты, ҚХА журналистер клубының төрағасы Әлішер Сатвалдиев.

ҚХА медиафорумы: Медиаэтика мен ЖИ қолданудың қыр-сыры талқыланды

Форумға келген БАҚ өкілдеріне «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының продюсер-жүргізушісі Ерқанат Көпжасарұлы «Көпшілік алдында сөйлеу шеберлігі және журналистік этика» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. 

ҚХА медиафорумы: Медиаэтика мен ЖИ қолданудың қыр-сыры талқыланды

Одан бөлек, «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз хатшысы, медиа тренер Сәкен Ділдахмет «Контентті жасау мен оңтайландыруда ЖИ-ді қолдану» аясында тәжірибесін айтты.

ҚХА медиафорумы: Медиаэтика мен ЖИ қолданудың қыр-сыры талқыланды

Өткізіліп жатқан форум барлық журналистер үшін өте маңызды. Бұл түрлі коммуникация және пікір алмасу. Сонымен қатар спикерлердің өзіндік тәжірибесі бар. Менің бүгінгі қозғаған тақырыбым қоғам ақпаратындағы тазалық. Қазір ЖИ-ді енгізіп жатырмыз. Ол енгізілген сайын алгоритимі қарқынды дамып жатыр. Бір ғана мысал: тик-ток желісінде бір видео хит болып жатыр. Мысықтың билеп тұрған сәті көрсетілген. Осыдан бір жыл бұрын бұл видеолардың фейк екенін байқауға болатын еді. Қазір ажырату қиын. Бұл тек бастамасы. Сондықтан ЖИ-ді енгізген сайын қауіпсіздік шараларын ұмытпау керек. Ақпараттық мәселе де бұл өте маңызды. Непалдағы болған жағдай әлеуметтік желінің әсерінен болды. Үкімет шайқатылып, өзінің жұмысын тастап кетті. Әлеуметтік желі өте үлкен күш. Бүгінгі тренингте осы бойынша біраз ақпарат береді,-дейді мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских.

ҚХА медиафорумы: Медиаэтика мен ЖИ қолданудың қыр-сыры талқыланды

Іс-шара соңында форумға қатысушылар естелік фотоға түсті.

Өзгелердің жаңалығы