ҚCЗИ-да президент сайлауының алдын ала қорытындысы талқыланды

21 Қараша 2022, 18:55
936
Бөлісу:
ҚCЗИ-да президент сайлауының алдын ала қорытындысы талқыланды

2022 жылдың 20 қарашасында Қазақстанда жаңартылған Конституцияға сәйкес кезектен тыс президент сайлауы өтті. Тұңғыш рет Мемлекет басшысы қайта сайлану құқығынсыз бір жеті жылдық мерзімге сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Азаматтар қазіргі Президенттің саяси жаңғыру бағытын қолдады. Мұны Қазақстан Республикасы ОСК-ның алдын ала мәліметтері растады. Онда 81,31% (6 456 392 адам) Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді.

Кезектен тыс сайлаудың қорытындыларын шығару мақсатында 2022 жылдың 21 қарашасында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты «Президент сайлауының нәтижесі: жаңа көзқарас, жаңа міндет» тақырыбында «КИСИ GPS» ұлттық сараптамалық алаңының кезекті отырысын өткізді.

Кездесу барысында белгілі қазақстандық және шетелдік сарапшылар сайлау қорытындысы мен саяси дискурсты одан әрі дамытуға арналған болжамдарын ортаға салды.

«КИСИ GPS» отырысын аша отырып, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина сайлау науқаны демократиялық нормаларға сәйкес өткенін атап өтті. «Референдумнан кейін жаңа президенттік мандаттың өкілеттігі айтарлықтай қысқартылды. Тиісті өзгертулер болашақта биліктің монополиялануына жол бермеу мақсатында қабылданды. Бір айта кетерлігі, бүгінде Қазақстан азаматтарының белсенділігі өте жоғары деңгейде. Ел басшылығының әрбір әрекеті қоғамның жіті бақылауында. Мұндай жағдайда популизмге ешқандай қолдау көрсетілмейтіні анық. Сайлау қорытындысы қоғамда әділдікке, бәсекелестікке және нақты нәтижелерге қол жеткізуге сұраныстың айқын екенін көрсетті», – деді Алуа Жолдыбалина.
 

Өзгелердің жаңалығы