Төтенше жағдайлар министрлігі командалық орталығы өртті сөндіру үшін қызметкерлер мен техниканы көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылдың 11 қаңтарында Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері өрттің жоғары 3-ші дәрежесі бойынша Қазақ-британ техникалық университетінде жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіру жұмыстарына объектінің құрылымдық ерекшелігі қиындық тудыруда, нысан 5 қабатты. Қазіргі уақытта 3 автобаспалдақ қолданылды, от әлі оқшауланған жоқ, – деді Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Бағдат Чайзада.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. ТЖМ командалық орталығы өртті сөндіру үшін қызметкерлер мен техниканы көбейтуді тапсырды. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге Алматы ТЖД 78 құтқарушысы мен 28 техникасы жұмылдырылған.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда орналасқан Қазақ-британ техникалық университеті өртеніп жатқанын жазғанбыз.