ҚазҰУ жатақханадағы орын тапшылығын тиімді шеше бастады

15 Қараша 2022, 22:02
2268
Бөлісу:
ҚазҰУ жатақханадағы орын тапшылығын тиімді шеше бастады
Фото: Фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жатақханаларға күрделі жөндеу жүрізіп, бөлмелерді кеңейту арқылы орын тапшылығын шеше бастады. Осы тәсіл арқылы оқу орны алдағы уақытта жатақханалардағы орын санын 2000-ға көбейтуді көздеп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен күрделі жөндеуден өткен №10 жатақхана қайта ашылып, студенттерге пайдалануға берілді.
Кездесу барысында министр Саясат Нұрбек жаңарған жатақхана бөлмелерін аралап, студент жастармен пікірлесті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысының жатақхана тапшылығын шешу тапсырмаларына сәйкес атқарылған жұмыстарды атап өтіп, жатақхананың жөндеуге дейінгі және кейінгі жай-күйімен таныстырды.

Жөндеу кезінде ғимараттың сыртқы қасбеті жаңартылып, барлық бөлменің қабырғалары қайта әрленді. Есік-терезе ауыстырылып, әр секцияға заманауи душ кабиналары қойылды. Электр жүйесі қайта жүргізіліп, жарық беруші шамдар жаңадан орнатылды. Бұған қосымша, ғимараттың cу құбыры мен кәріз жүйесі монтаждалды. 313 орындық жатақханаға тарих факультетімен қатар, химия және химиялық технологиялар факультеті мен физика-техникалық факультетінің студенттері орналасты.

ҚазҰУ алдағы уақытта барлық жатақханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсарта түспек.

Өзгелердің жаңалығы