«ҚазТрансОйл» Германияға 39,8 мың тонна мұнай жөнелтті

26 Сәуір 2023, 01:20
764
Бөлісу:
«ҚазТрансОйл» Германияға 39,8 мың тонна мұнай жөнелтті
Фото: egemen.kz

2023 жылдың 1 тоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға одан әрі жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру пунктінің бағыты бойынша 39 897 тонна қазақстандық мұнайды тасымалдады. Бұл туралы BAQ.KZ «ҚазТрансОйл»-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен мұнайды тасымалдау кестесіне сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ сәуір айында «Адамова застава» мұнайды тапсыру пунктінің бағыты бойынша «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Германияға 100 мың тонна қазақстандық мұнайды тасымалдауды жүзеге асыруды жоспарлап отыр, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы