«ҚазТрансГаз Аймақ» тарифтерді негізсіз көтерген

9 Тамыз 2022, 15:15
1222
Бөлісу:
«ҚазТрансГаз Аймақ» тарифтерді негізсіз көтерген

ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаментінің өндірісінде «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты жоғары тарифті қолдану арқылы негізсіз пайда табу дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2020-2021 жылдардағы заңсыз қызметтен түскен қаражат 2,3 млрд теңге екендігі анықталды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның филиалымен газ тасымалдау қызметіне монополиялық жоғары тарифті белгілеп, төлем алып отырған. 

Тергеу барысында табиғи монополияларды реттеу Комитетінің өңірлік департаментіне белгіленген тарифтерге өзгерістер енгізу туралы ұсыным жасалып, нәтижесінде табиғи газ бағасына тариф төмендетілді. 

Нәтижесінде, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда филиалымен газ тасымалдауға көрсетілетін қызмет үшін шекті тариф және монополистік бағаларды қолдану кезеңі үшін өтемдік тариф (әрбір 1000м3 көлемге 3 320,45 теңге) белгіленді. 

Қызылорда облысының тұрғындары 2022 жылдың 1 тамызынан бастап газ үшін төмендетілген тарифке көшті. 

Өзгелердің жаңалығы