Қазақстанның соңғы жаңалықтары

«ҚазСуШар» мекемесіндегі жанжал: Көкарал бөгетін бекіту кезінде 188 млн теңге жымқырылған

18 Қараша 2025, 18:47
524
Бөлісу:
 Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Қызылорда облысы прокуратурасы РМҚК «ҚазСуШар» өңірлік филиалында бюджет қаражатын жымқырған факті анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тексеру барысында 13 мың тонна бут тас партиясының жеткізілмегені белгілі болды, алайда жалпы 60 мың тоннаға арналған тапсырыс үшін ақша аударылған. Бұл материал стратегиялық маңызы бар Көкарал бөгетін бекітуге арналған.

Лауазымды тұлғалардың әрекеті нәтижесінде мемлекетке 188 миллион теңгеден астам залал келген.

Ұрлық фактісі бойынша прокуратура ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлімі, 2-тармағы (басқаның мүлкін, лауазымды тұлғаға сеніп тапсырылған мүлкін ірі көлемде иемдену немесе ысырап ету) бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Сот санкциясымен филиалдың бес лауазымды тұлғасы мен жалпы мердігер қамауға алынған. Арнайы прокурорлар тергеуді аяқтап, іс сотқа жолданған.

Өзгелердің жаңалығы