"Қазселденқорғау" мамандары өзен арналары мен сел қаупі бар учаскелерді тексерді

Тексеру нәтижелері бойынша зақымданған объектілер анықталмаған.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Кеше 2026, 23:24
Кеше 2026, 23:24
84
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, сондай-ақ көшкін және сел қауіпті учаскелерді тексеру мақсатында мониторинг жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен қатар, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары араланып, олардың жұмысын бағалау жүргізілді.

Тексеру нәтижелері бойынша зақымданған объектілер анықталмаған, аталған нысандар қазіргі уақытта штаттық режимде қызмет көрсетуде.

Қираулар мен зардап шеккендер жоқ, жағдай тұрақты деп хабарланады.

Наверх