"Қазпошта" АҚ-да ішкі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірлерде жалпы сомасы 273 000 000 теңге болатын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды.
Қазіргі таңда ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды.
Заң бұзушылық фактілері қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар. Барлығы 7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелді, - делінген хабарламада.
"Қазпошта" АҚ орталықта және жергілікті жерлерде түрлі заң бұзушылық әрекеттермен күресті одан әрі жалғастырады және құқық қорғау органдарымен аталған бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істейтін болады.