Қазпошта есірткі салынған сәлемдемелерді қалай анықтайды

Бөлісу:
Қазпошта есірткі салынған сәлемдемелерді қалай анықтайды
Фото: BAQ.KZ архив

Бұл туралы “Қазпошта” АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз құқық қорғау органдарымен байланыс орнатқан жалғыз жеткізушінің бірі шығармыз. 2 жылда біз не істедік? Біз бүгінде мұндай мәселе барын түсініп, құқық қорғау органдарына осындай деректерді анықтауға көмектесіп жатырмыз. Біріншіден, біздің қоймаларда және сұрыптау орталықтарында арнайы иттер жұмыс істейді. Олар (есірткіні) анықтайды, - деді ол.

Қазпошта басшысы барлық жерде рентген аппараттары қойылғанын және олар тыйым салынған заттарды анықтайтынын атап өтті.

Биыл біз (есірткі салынған сәлемдеме – ред.) 7 деректі анықтап, құқық қорғау органдарына материалдарды бердік. Былтыр 5 дерек тіркелді, - деп айтты Жанасова Мәжіліс кулуарында.

Ол қандай есірткі анықталғанын айта алмайтынын, ол жайлы құқық қорғау органдары түсінік бере алатынын қоса кетті.

Еске сала кетейік, Қазақстанда пошташылар 160 мың теңге жалақы алатыны туралы осыған дейін жаздық. Тауарды маркетплейстерден үйге жеткізу жеңілдетілмек.

Өзгелердің жаңалығы