Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Қазпошта" басшысы қанша жалақы алатынын айтты

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
4 Желтоқсан 2024, 11:34
2233
Бөлісу:
 BAQ.KZ
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Мәжіліс кулуарында Қазпошта төрағасы Әсел Жанасова айына қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, жалақысы 1 млн 200 мың теңге.

Мен ашық түрде айтайын. Былтыр да айттым. 1 млн 200 мың теңге аламын. Барлық басқа ұлттық компания деңгейінде деп ойлаймын. Себебі оның жасыратыны жоқ. Сіздер бонус, сыйақыға қатысты сұрақ қойып жатасыздар. Қазпошта қаражат бойынша 2023 жылы ғана аздап плюске шықты. Сол себепті біздің ондай жағдайымыз жоқ. Біз бонус пен премия алмаймыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы