Қазіргі заманғы әскери қызметшінің патриоттық түсінігі биік болуы тиіс – сенатор

4 Шілде 2024, 17:37
222
Бөлісу:
Қазіргі заманғы әскери қызметшінің патриоттық түсінігі биік болуы тиіс – сенатор
Фото: Парламент Сенатының баспасөз қызметі

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сергей Ершов қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүздесу қаланы дамыту, жолдар және әуе қатынасы мәселелеріне арналды. Онда қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында көлік және инфрақұрылым саласындағы қаланы дамыту проблемаларын шешудің маңыздылығы атап өтілді.

Депутат Приозерск қаласындағы әскери бөлімде болып, әскери дайындық барысымен танысты және бөлімнің әскери қызметшілерімен кездесті. Ол кездесу барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарындағы қызмет аса маңызды мемлекеттік міндет және әлеуметтік маңызы зор екенін атап өтті.

Қазіргі заманғы әскери қызметшінің патриоттық түсінігі биік, біртұтас ұлт ретінде сезінуі және азаматтық борышын атқару мен Отанды қорғау жөніндегі конституциялық міндеттерге дайын болуы және соған байланысты қажетті білім мен дағдыны дамытуы тиіс, - деп атап өтті сенатор Ершов.

Өзгелердің жаңалығы