ҚАЖ департаментінің 800 қызметкері еліміздің әнұранын шырқады

4 Маусым 2019, 19:05
1927
Бөлісу:
ҚАЖ департаментінің 800 қызметкері еліміздің әнұранын шырқады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 4 – маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті мен оған қарасты мекемелерде салтанатты іс-шаралар өтті, деп мәлімдеді облыстық ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі. 

Жиын барысында Мемлекеттік рәміздердің әрбір қазақстандықтың жүрегінен орын алатындығына тоқталған департамент бастығы, әділет полковнигі Миржан Смағұлов ішкі істер органдарының қызметкерлері еліміздің көк туын әрқашан биік ұстаулары керек екенін атап өтті. 

«Мемлекттік рәміздеріміз ұлттың бірегейлігі мен ұлылығын көрсетеді. Ту, Елтаңба және Әнұран сынды ұлттың айшықты таңбаларының қабылдануы – дүниежүзінде Қазақстан дейтін мемлекет бар екендігінің дәлелі. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу, қасиетін білу, оны жүрекке тоқу – отансүйгіштіктің белгісі. Еліміздің жастары, әсіресе ішкі істер органдарында қызмет етіп жүрген жас буын патриот болсын десек, олардың бойына жастайынан осындай ұғымды сіңіруіміз қажет. Өз кезегінде жас мамандар еліміздің көк туын биікте желбіретіп, ел тыныштығын күзетуде аянбай еңбек ете білулері керек», – деді. Миржан Нұрмұхамедұлы. 

Салтанатты іс-шарада Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 800-ге жуық қызметкерлері әнұранды шырқады. Іс шара соңы салтанатты саптық қадаммен жалғасын тапты.

Өзгелердің жаңалығы