"Қазгидромет" РМК бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 10 қазанда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана, Қостанай қалаларында қолайсыз ауа райы күтіледі, – деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.