Атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты ҚР басым бөлігінде тұрақсыз күн құбылмалы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РКМ-ға сілтеме жасап.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, бүгін найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнде еліміздің оңтүстік - шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады. Республика бойынша оңтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста - екпінді жел, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта – тұман күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.