"Қазгидромет" Астана, Алматы және елдің басқа да қалаларындағы тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 20 ақпанда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауа сапасының нашарлауы Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында күтіледі, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл желдің болмауы, әлсіз жел, тұман, инверсия сияқты қысқа мерзімді табиғи факторлардың жиынтығы. Олар жер бетіндегі ауа қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді.
Бұған дейін синоптиктер көктемгі ауа райы болжамын ұсынған еді. Олардың мәліметінше, алдағы маусым орташа нормадан 1-2 градусқа жылырақ болады, бірақ температураның күрт өзгеруі байқалады.