"Қазгидромет" 22 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Бірқатар өңірде қалың қар жауады.

 pexels.com 21 Ақпан 2026, 22:20
21 Ақпан 2026, 22:20
1039
Фото: pexels.com

Синоптиктер 22 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Солтүстік-батыс циклонының әсерінен еліміздің бірқатар өңірінде қалың қар жауып, көру мүмкіндігі шектеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктер мен солтүстік-батыс циклоны өз ықпалын сақтайды. 

22 ақпанда Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерінде қалың қар жауады. Бұл тас жолдардағы ахуалды қиындатып, көлік қозғалысын шектеуге себеп болуы мүмкін, – деп ескертті "Қазгидромет" мамандары.

Республиканың басым бөлігінде тұман, қатты жел және көктайғақ болады.

Наверх