«Қазгидромет» 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

30 Мамыр 2024, 22:47
417
Бөлісу:
«Қазгидромет» 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: архив

«Қазгидромет» 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлытау облысында найзағай күтіледі. Жезқазған қ.: 31 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман. Қарағанды қ.: 31 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың батысында (Жәнібек ауданының батыс бөлігінде) төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 31 мамырда жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Облысың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Петропавл қ.: 31 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік–батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының шығысында төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 31 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Көкшетау қ.: 31 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы