"Қазгидромет" 12 облыста дауылды ескерту жариялады

13 Мамыр 2024, 23:42
481
Бөлісу:
"Қазгидромет" 12 облыста дауылды ескерту жариялады
Фото: архив

Синоптиктер 14 мамырда республиканың 12 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде Ұлытау облысының батысына, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, қатты жел тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Облыстың орталығында өрт қаупі жоғары. Жезқазғанда найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ түседі, қатты жел соғады деп күтіледі. Түнде өңірдің батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қарағандыда найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Күндіз оңтүстіктан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстік-батысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел тұрады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с болады. Түнде облыстың батысында топырақ беті қатып, сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді. Түнде Петропавлда найзағай ойнайды. Солтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың шығысында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында өрт қаупі жоғары, Қазалы ауданында – төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз найзағай ойнап, күн райы тұрақсыз болады.

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел тұрады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда түнде және таңертең найзағай ойнап, түнде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау облысының солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде өңірдің солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді. Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қостанайда түнде солтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Павлодарда күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Таңертең және түстен кейін Түркістан облысының солтүстігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Таңертең және түстен кейін облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Облыстың шөлейтті аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда таңертең және түстен кейін оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Өзгелердің жаңалығы