"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге маңызды ескерту жасады

23 Қазан 2024, 22:15
279
Бөлісу:
"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге маңызды ескерту жасады
Фото: BAQ.KZ - архив

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәліметпен бөлісіп, жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24 қазанда Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Павлодар, СҚО, Қарағанды, Қызылорда және Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Ал Абай және Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, - делінген ұлттық оператор таратқан хабарламада.

Ескеретін жайт, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы