"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге маңызды ескерту жасады

Кеше, 23:50
177
Бөлісу:
"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге маңызды ескерту жасады
Фото: -архив

"ҚазАвтоЖол" компаниясы еліміздің республикалық автожолдарындағы ертеңге арналған ауа райы туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

17 қазанда Атырау, БҚО, Маңғыстау, Қарағанды және Алматы облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Ал Жамбыл, Жетісу, ШҚО және Абай облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр және қар жаууы мүмкін, - деп атап өтті ұлттық оператор.

Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеру қажеттігін ескертті.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы