«ҚазАвтоЖол» жаңа басшысы: Басталған істерді соңына дейін жеткізуге тырысамын

3 Ақпан 2022, 18:45
1812
Бөлісу:
«ҚазАвтоЖол» жаңа басшысы: Басталған істерді соңына дейін жеткізуге тырысамын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Сүлеймен «ҚазАвтоЖол» компаниясының жаңа басшысына сәттілік тіледі.

Сізге үлкен үміт артылып отыр. Қазір үміт сіз секілді жастарда. Қазір өз қалтасын емес, халықтың қамын ойлантын азаматтар жұмыс істеу керек. Жақында ғана келдіңіз.  ҚазАвтоЖол-да сіздің келуіңізбен қандай өзгерістер болады деп ойлайсыз?, - деді Ләззат Сүлеймен. 

Іс-шара барысында қойылған сауалға «ҚазАвтоЖол» басшысы болып Мейірхат Қасымбаев былай жауап берді.

Әр адам бір жерге келгенде мақсатпен келеді. Бірінші мақсатымыз Қазақстанда Үкімет тапсырмасымен 3 мың шақырым жол қайта жаңғыртудан өтіп жатыр. Қазіргі таңда жұмыстар басталып қойған. Әр жолдың өзіндік мәселелері бар. Оның бірі бағаның қымбаттауы. Қазір жанар-жағармай бағасы өскен. Осы туындаған мәселелерді қайта қарастырып, басталған жобаларды аяқтауға тырысамын, -деді ол.

Сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» басшысының айтуынша, бүгінде жол саласында 200 мыңға жуық азамат қызмет етуде.

Еске салайық, бүгін орталық коммуникациялар алаңында еліміздің батысындағы автожолдарда іске асырылып жатқан жобалар, проблемалар мен шешу жолдары туралы дөңгелек үстелде талқылау өтті. 

Өзгелердің жаңалығы