“ҚазАвтоЖол” су алған автомобиль жолдарын шұғыл қалыпқа келтіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024 жылғы 6 сәуірде Павлодар облысы “Атамекен-Ертіс-Русская поляна” республикалық маңызы бар автомобиль жолының 209 шақырымында филиал мамандары диаметрі 1 метр болатын 2 су өткізгіш құбырын орнатып, жақын орналасқан елді-мекенді су тасқынынан алдын алу шарасын ұйымдастырды.
Еске сала кетейік, 2024 жылғы 3 сәуірде осы учаскеде еріген қар суы көп мөлшерде жиналып, жақын орналасқан елді-мекенге қауіп төндірді. Осы мәселені алдын алу үшін жол учаскесі бұзылып, жиналған суды басқа бағытта ағызу жұмыстары жүргізілді.
“ҚазАвтоЖол” тарапынан аталмыш жұмысқа 8 арнайы техника мен 12 адам жеке құрамнан жұмылдырылды.
Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде «Атамекен-Ертіс-Русская Поляна» тас жолының 194-257 шақырымында (Панфилов-Ленин ауылдарының учаскесі) сағат 17:00-де көлік қозғалысы қайта ашылатын болады.