Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолында (ұзындығы 463 км) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2024 жылғы 22 сәуірдегі сағат 14:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 4 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4300 метр болатын су тасқыны болды, - деді «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми өкілі Сәкен Ділдахмет.
Шектеу қойылған жолдарды төменнен көре аласыздар:
1. Ақтөбе облысы:
- «Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» тас жолының 3-92 шақырымы.
Осы жабық учаскені айналып өту үшін «Қандыағаш-Темір-Кеңқияқ-Жағабұлақ-Жем» аудандық тас жолының 235 шақырымы арқылы альтернативті маршрут ұсынылды.
2. Атырау облысы:
- «Мұқыр - Құлсары» тас жолының 0-136 шақырымы.
Осы жабық учаскені айналып өту үшін «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» тас жолының 377-512 шақыры және «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайтөтес-Шетпе-Жетібай- Ақтау» тас жолының 3-120 шақырымы арқылы альтернативті маршруттар ұсынылды.
3. Қостанай облысы:
- «Мариновка ауылына кіреберіс» тас жолының 0-9 шақырымы.
- «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 555-729 шақырымы.
Осы жабық учаскелерді айналып өту үшін «Денисовка-Жітіқара» тас жолының 137 шақырымы арқылы альтернативті маршрут ұсынылды.
4. Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 869-875 шақырымы.
- «Челябинск-Новосибирск» тас жолының 525-530 шақырымы.
- «Петропавл қаласын айналып өту жолы» тас жолының 3-8 шақырымы.
- «Екатеринбург - Алматы» тас жолының 729-768 шақырымы.