ҚазАвтоЖол биыл қандай жолдарды жөндейтінін айтты

18 Қаңтар 2024, 22:51
599
Бөлісу:
ҚазАвтоЖол биыл қандай жолдарды жөндейтінін айтты
Фото: Архив BAQ.KZ

«ҚазАвтоЖол» 2024 жылы Ақтөбе – Ұлғайсын және «Жезқазған – Қарағанды жаңа жобаларын іске асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ биыл жалпы ұзындығы 96 км құрайтын «Ақтөбе – Ұлғайсын» және «Жезқазған – Қарағанды» атты екі жаңа жобаны іске асыруды жоспарлап отыр (40 км Жезқазған-Қарағанды және 56 км Ақтөбе-Ұлғайсын).

«Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» республикалық күре жолының «Жезқазған – Қарағанды» учаскесін қайта жаңарту мақсатында «Мемсараптама» РМК қорытындысын алды. Құрылыс Ұлытау облысының Жаңаарқа және Қарағанды облысының Шет аудандарында жүргізіледі. 755 км-ден басталып, 795 км-ге дейін Ақтайлақ, Қарамола, Бидайық кенттері арқылы өтеді. Мердігерлік ұйымды айқындау бойынша тендерлік құжаттама дайындалып, өтінімдерді қабылдау а. ж. 22 қаңтарда басталады. «РФ шекарасы (Самараға) – Шымкент» республикалық автомобиль жолындағы «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» қайта жаңарту жобасының 791-819 км учаскесі бойынша тендер жарияланып, өтінімдерді ашу 2024 жылғы 3 қаңтарда өтті. Бүгінгі таңда "Сине Мидас Строй" ЖШС мердігер ретінде анықталды. Құрылыс жұмыстары Ақтөбе облысының Хромтау ауданында жүргізіледі. Қайта жаңарту 791-819 км аумақта жүріп, Ақжар кенті мен Жазық станциялары арқылы Хромтау қаласына қарай жалғасады, - делінген компанияның ақпаратында.

763-791 км учаскесіндегі жұмыстарға «Мемсараптама» РМК оң қорытындысын алу күтілуде, соңынан тендер жариялау мақсатында құжаттама дайындалады. Құрылыстың нормативтік мерзімдері мердігерлермен шарт жасасып, учаскеге жұмылдырылып, қажетті рұқсат құжаттамасы ресімделгеннен кейін айқындалатын болады.

Өзгелердің жаңалығы