Мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыру мақсатында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Platonus Lab зерттеу зертханасының ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Сапаров атап өткендей, Қазақстанда АӨК дамыту жөніндегі ұлттық жобаға сәйкес, аграрлық секторды толығымен цифрландыру және жер ресурстарын ұтымды пайдалану арқылы ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге де тікелей қатысты.
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ әрбір студент үшін сапалы білім беру мақсатында білім берудің заманауи әдістеріне сүйеніп, бәсекеге қабілетті маман әзірлеуге басты мән беруде. Бұл ретте ғылыми зерттеу зертханаларының атқарар ролі зор.
Бүгінде бүкіл әлемде және біздің елімізде университеттердің трансформациясы мен миссиясы туралы айтылуда. Білім беру саласында қызықты эксперименттер басталды. Цифрлық технологиялар, әсіресе жоғары білім беру саласында күн сайын өзгеріп отырады. Біздің заманауи үрдістер мен талаптарға бейімделуіміз керек, – деп атап өтті Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Әлемдегі қаржы алпауыттарының әулетінің көрнекті өкілі Н.Ротшильдтің «Ақпарат білген адам әлемді билейді» деген сөзі баршамызға белгілі. Platonus Lab зерттеу зертханасы университетіміздегі ақпараттық-білімдік ортаның оқу үдерісінің мақсатын көрсетіп қана қоймай, университетіміздің сандық білім беру қорларын дамытып, оқытудың жаңа тиімді әдістерін қолдана отырып, бағдарлама дайындау ісіне терең бойлатып, оқу үдерісінің экономикалық тиімділігін арттырады.
Platonus Lab зерттеу зертханасының ашылуына ҚР Ғылым және жоғары білім Вице-министрі Д.Р.Щеглова, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі Қ.А. Төлеушин, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру және Мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті директоры Б.Қ.Алпысбеков, Аманат партиясы Астана қалалық филиалы Төрағасының орынбасары М.Ә. Болысбек, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттык кәсіпкерлер палатасы басқарушы директоры А.А.Бейсенбеков, «Platonus» ЖШС Бас директоры А.М.Испусинов, сондай-ақ, зертхананың ашылуына «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының жұмыс беруші серіктестері, ғылыми зерттеу институттары мен өзге де ЖОО өкілдері қатысты.
Platonus Lab зерттеу зертханасын құру «Platonus» ЖШС демеушілік көмегінің арқасында мүмкін болды.
«Platonus» ЖШС-мен бірлесіп кафедра білім беру процесін цифрландыру саласында студенттерді тарта отырып, ғылыми зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр.
Platonus Lab зерттеу зертханасының аясында:
Білім алушылардың өздік жұмысқа дайындалуына, сондай-ақ оқу жоспары бойынша курстық, дипломдық, т.б. өздік жұмыстың түрлерін дайындауға сағат бөлінеді. Оқу-әдістемелік бағдарламаның жиынтығы қалыптасады.
Келешекте студенттер мен магистранттар Platonus Lab бағдарламасының ақпараттық жүйесінің жасалу жолымен таныса алатын болады.
Студенттерге бұл пән бойынша оқытушылар мен зертханаға жауапты адам кеңес береді. Зертханада студенттер мен магистранттарға қажетті бағдарламалық өнімдерді қолдануға жағдай жасалған.
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Platonus Lab зерттеу зертханасы білім алушылардың компьютерлік бағдарлама жасаудағы біліктілігін қамтамасыз ететін зерттеу орталығы болып табылады. Зертхананы «Platonus» ЖШС қажетті компьютерлік техникалармен, желілік құралдармен қамтамасыз еткен.
Соңғы онжылдықтарда білім беру саласы күрт өзгерді. Енді оқу процесін интернетсіз елестету мүмкін емес. Сондықтан интернет технологияларын қолдану қазіргі уақытта білім беруді дамытудың ең ұтымды әдісі.
Соған сәйкес, университеттер тиімді білім беру модельдерін табуға мүдделі. Осыған байланысты жаппай ашық онлайн курстар, цифрлық ресурстар және т. б. ЖОО танымалдығы артып келеді.
Бейне-контенттерді, ЖАОК немесе онлайн-курстарды, мысалы, Coursera-ны ЖОО пайдалану артықшылықтарының бірі.
Университетте jalinga Studio лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған Jalinga интерактивті бағдарламалық-аппараттық бейне кешені белсенді жұмыс істейді, оның мақсаты білім беру үдерісі үшін цифрлық контенттерді әзірлеу.
ПОҚ әзірлеген бейне контенттер YouTube бейне хостингінде (С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ ресми арнасы) орналастырылып, Platonus ААЖ ПОҚ модулінде орналастырылған. Ол сілтемелер бойынша қолжетімді.
Ағымдағы кезеңде білім беру процесінің барлық үш деңгейі үшін 217 курс (152 пән, 127 автор, 104 мемлекеттік тілде, 103 орыс тілінде, 10 ағылшын тілінде) құрылды және оқу процесінде пайдалануға ұсынылған.
Бейне контентті пайдаланудың келесі кезеңі оқу процесінде де, өндірістік ұйымдарға білімді тарату үшін де, соның ішінде қашықтықтан білім беру қызметтерін ұсыну үшін MOOC құру қажеттілігі пайда болды.
Университет қызметкерлері орналастырған «ЖАОК» бағдарламалық модулі әзірленді: https://study.kazatu.kz/. Онда 25 курс орналастырылған (9 мемлекеттік тілде, 16 орыс тілінде). Олардың біршамасы тестілеуден өтсе, қалғандары енді өтеді. Курсты сәтті игерудің нәтижесі сертификат табыстаумен ерекшеленеді.
2023-2024 оқу жылында ҚР ХӘҰ-мен бірлесіп біздің университет COURSERA платформасында оқыту бағдарламасына қатысты. Бұл оқу бағдарламаларына интеграциялау мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, студенттердің ынтасын арттыруға көмектесті.
Coursera әртүрлі пәндер бойынша курстардың кең ауқымын ұсынады. Бұл қолданыстағы бағдарламаларды интеграциялау үшін ең қолайлысын таңдауға мүмкіндік береді.
ҚазАТЗУ бойынша Coursera онлайн-курстарын 500 студент бітіріп, халықаралық сертификаттарға ие болды. Осы 2024-2025 оқу жылында 500 студент тіркеліп, курстардан өтеді.
Университетіміз «Platonus» ЖШС компаниясымен бірлесіп ЖАОК әзірлеп, оларды еліміздің және шетелдің барлық жоғары оқу орындарының білім алушылары үшін ашық қолжетімділікпен «Platonus» ААЖ платформасында орналастыру бойынша жұмыс жоспарланған.
Оқу процесіне ЖАОК енгізу арқылы біз келесі модельдерді ұстанамыз:
1-үлгі. Тек MOOC: пәнді толығымен ауыстыру. Бұл жағдайда:
- міндетті ЖАОК курстары-Білім беру бағдарламасының оқу жоспарының пәндеріне сәйкес комиссия таңдаған курстар;
- білім алушының таңдауы бойынша ЖАОК курстары – ЖЖОКБҰ-ның ұсынылған каталогынан білім алушылардың өз бетінше таңдаған курстары, оған ЖАОКБ-ның бір немесе бірнеше платформаларының курстары кіреді.
2-үлгі. ЖАОК-қолдау: ЖАОК пән үшін қосымша материал ретінде дәстүрлі түрде оны білім алушының өзіндік жұмысы ретінде (бұдан әрі – ЖЕҰ), "инверттелген сынып" технологиясын қолдану арқылы немесе қолданбай, іске асыру кезінде пайдаланылады.
3-үлгі. Аралас оқыту «+ ЖАОК»: аудиториялық сабақтарды (негізінен дәрістерді) ішінара ауыстыру, сондай-ақ «төңкерілген сынып» технологиясын қолданумен немесе қолданбай ЖАОК жекелеген тақырыптарын ішінара қайта есептеу.
4-үлгі. «ЖАОК+» аралас оқыту: дәрістерін, практикалық және семинарлық сабақтарды ішінара сақтай отырып, ЖАОК пайдалану, сондай-ақ пән бойынша ағымдағы аттестаттау мен қорытынды бақылау үшін ЖАОК-та оқу нәтижелерін пайдалану.
Жыл басынан бері С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ аясында өткізілген шаралардың барлығы дауылпаз ақын, мемлекет қайраткері С.Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына арналған болатын. Осы жолғы университеттегі атаулы шараға ат басын тіреген Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі Қ.А. Төлеушинге университетіміздің ең жоғарғы марапты Сейфуллин медалін ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов табыс етті.
Іс-шара соңында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов пен «Platonus» ЖШС Бас директоры А.М.Испусинов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.