Қазақтың келіні Оксана қазақстандықтарға үндеу жасады

16 Наурыз 2023, 23:03
860
Бөлісу:
Қазақтың келіні Оксана қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: Скрин

Қазақстан халық партиясының өкілі, қазақтың келіні Оксана Әубәкірова теледебатта қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Саяси партиялардың теледебатының үшінші раундында партия өкілдері халыққа үндеу жасады.

Қазір мен сіздердің алдарыңызға саяси партияның өкілі немесе саясаткер ретінде емес, қазақтың келіні, екі баланың анасы ретінде шығып тұрмын. Халық Сіз бен біз секілді жекелеген азаматтардан құралады. Қазір біз, Қазақстан халқы, тарихи жолайрықта тұрмыз. Сондықтан дұрыс таңдау жасау қажет. Әрбіріміз өз таңдауымызға саналы түрде жауап береміз. Егер бір мақсатқа қол жеткізгіңіз келсе, онда өз миссияңызды басқаларға сілтей салмаңыз. Осы қадам арқылы Біз – жаңа, әділетті Қазақстанның Парламенттік құрамын қалыптастырамыз, - деді Оксана Әубәкірова теледебата.

Ол халықтың қалауы ең алдымен азаттық таңында оянып, тұрақтылық пен келісім орнаған қоғамда өмәр сүру екенін айтты.

Мұндайда барлық этнос тіліне, дініне қарамастан бір-біріне құрметпен қарайды. Баршаңызды халық үшін дауыс беруше шақырамын. Ел тағдыры шешілетін сын сағаттан сырт қалмаңыздар, - деп Қазақстан халық партиясы өкілі халыққа үндеу жасады.

«Хабар» арнасында Парламент Мәжілісі сайлауына қатысатын 7 саяси партияның теледебаты өткенін еске сала кетейік.

Өзгелердің жаңалығы