Бұл туралы әлеуметтанушы Ілияс Тілеубергенов «Ұлттық идеология және ...» жобасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтанушы халық тұтас болуы үшін халықты билік тарапынан қабылданатын шешімдерге қолдан келгенше жұмылдыру керегін айтты. Бұл ашық қоғамның, демократияның қағидалары екенін жеткізді.
Бұдан қорықпау керек, бұл – қазақ қоғамында болған дүние. Құрылтай болған, бізге жат нәрсе емес. Біз шетелден оқып келген жастар демократия, батыстың құндылықтары дегенде қазақ халқын ЛГБТ, христиан, дінсіз, бейәдеп адам кейіпіне айналдырғысы келетіндей көреміз. Еуропа Еуропа болмай тұрғанда қазақ халқында демократия болды ғой. Біз тек Еуропа халлқынан сол демократияда өмір сүрудің жемісін көріп отырмыз. Сол үшін сүйсінеміз, - деді ол.
Бірақ әлеуметтанушы батыс елдері демократияны біздің ата-бабаларымыздан алып, соның жемісін көріп отыр деуге тағы болмайтынын айтады.
Мысалы ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, өтірік айтпау және тағы басқа дүниелер тек қазақ халқына тән дүние емес қой. Сол үшін демократиялық құндылықтар бізде бар болса, ол батыста болған жоқ деген мағынаға келмейді. «Біздің ата-бабамыз кезінде құрылтай жасап, халықты қолдан келгенше саяси, қоғамдық өмірге араластырды, соны көрген Еуропа содан кейін ел болды» деп айтпаймыз, оларда да болды. Бірақ олар соны әлі күнге дейін жүзеге асырып келе жатыр, - деді Тілеубергенов.
Ол Еуропаның сондықтан мықты болып тұрғанын айтты. Әлеуметтанушының ойынша, біз де демократиялық ел бола аламыз.
Олар аспаннан салбырап түскен бір НЛО (ұшатын белгісіз нысан) емес қой. 12 мүшесі, 2 көзі бар біз сияқты адам. Олардың қолынан келген болса, біз де соны жасай аламыз. Біз орманның ішінде өмір сүріп жатқан жабайы ел емеспіз. Ол – біздің тарихымызда болған дүние. Соны жаңғырту керек, - деді ол.
Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден көре аласыз.