Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанның жеті облысында тасжолдар ашылды

Бүгiн, 09:48
205
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Қазақстандағы автомобиль жолдарындағы ахуал туралы мәліметті ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ұлттық компания дерегінше, 2026 жылғы 1 қаңтар күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар төмендегі автожол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашық.

Павлодар облысы

  • республикалық маңызы бар «Атамекен – Ертіс – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының 0–263 шақырым аралығы (Атамекен кенті – РФ шекарасы).

Батыс Қазақстан облысы

  • «Ақтөбе – Орал – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының 189–492 шақырым аралығы (Атырау облысының шекарасы – Орал қаласы); 
  • осы автожолдың 273–526 шақырым аралығы (Барбастау кенті – Ақтөбе облысының шекарасы).

Ақтөбе облысы

  • «Ақтөбе – Орал – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының 526–610 шақырым аралығы (Батыс Қазақстан облысының шекарасы – Қобда кенті).

Атырау облысы

  • «Ақтөбе – Орал – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының 179–189 шақырым аралығы (Индер кенті – БҚО шекарасы).

Ақмола облысы

  • республикалық маңызы бар «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 30–92 шақырым аралығы (Жібек Жолы бақылау-өткізу пункті – Қарағанды облысының шекарасы).

Қарағанды облысы

  • «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92–164 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау бақылау-өткізу пункті).

Жамбыл облысы

  • республикалық маңызы бар «Ресей Федерациясының шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Қытай Халық Республикасының шекарасы» автожолының 159–238 шақырым аралығы, «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі (Кенен ауылы – Қайнар ауылы).

Қозғалысқа шектеу

  • Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Осинов асуындағы күрделі таулы жағдайларға байланысты Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46–66 шақырым аралығында (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл шектеу қыс мезгілі аяқталғанға дейін сақталады.

Жабық жолдар

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар төмендегі автожолдарда барлық көлік түрі үшін қозғалыс уақытша тоқтатылды.

Жетісу облысы

  • «Үшарал – Достық» автожолының 84–164 шақырым аралығы (Көктұма кенті – Достық станциясы).

Сондай-ақ Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолындағы жол айрығының көпір аралық құрылымының шеткі арқалықтары бүлінуіне байланысты «Қалқаман» жол айрығы учаскесі жабылды. Аталған жерде Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша тоқтатылған.

Өзгелердің жаңалығы