Астанада қазақстандық тараптың төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымыға мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараның күн тәртібінің өзекті мәселелері - 20-21 мамырда Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына дайындық жұмыстары болды. Кеңеске қол қоюға ұсынылатын негізгі құжаттардың тізбесі бекітілді.
Ұлттық үйлестірушілер ШЫҰ-дағы саясат, қауіпсіздік, экономика және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған құжаттарды қарастырды.
Астана декларациясын, ШЫҰ-ның «Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік туралы» бастамасын, сондай-ақ өңірлік дамудың өзекті мәселелерін шешу бойынша Ұйымның ағымдағы қызметінің бірқатар басқа да құжаттарын дайындау жұмыстары жалғасты.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы ШЫҰ-ға 2023 жылғы шілдеден 2024 жылғы шілдеге дейін төрағалық етеді.