Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 37 млрд-тан асты

16 Тамыз 2022, 22:15
1132
Бөлісу:
Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 37 млрд-тан асты

Қазақстанның Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерімен арадағы алыс-берісі былтыр 51 млрд АҚШ долларына жетті. Оның ішінде өндірістік саладағы тауар айналымы 37 млрд-тан асқан. Бұл туралы сауда және интергация вице-министрі Қайрат Төребаев ынтымақтастық ұйымының Ташкентте өткен экономикалық форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Ресеймен арадағы 60 жоба іске асса, Қытай елімен 52, ал Өзбекстанмен 15 бірлескен жоба бар. Бүгінде сирек кездесетін қазба материалын өндіру саласында Үндістанмен әріптестік орнап жатыр. Ал Пәкістанмен жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту жоспарда бар. Сондай-ақ Қазақстан Еуразияда тауар тасымалдау жүйесін қалыптастыруға мүдделі.

Еліміз солтүстіктен оңтүстікке және шығыстан батысқа қарай азық-түлік жеткізуге арналған трансшекаралық хаб жұмысын ұлғайтуға өз үлесін қоспақ.

Өзгелердің жаңалығы