Қазақстанның сайлауға дайындығын «жақсы» деп бағалауға болады – халықаралық бақылаушы

18 Қараша 2022, 15:07
1000
Бөлісу:
Қазақстанның сайлауға дайындығын «жақсы» деп бағалауға болады – халықаралық бақылаушы
Фото: автордан

Бүгін орталық сайлау комиссиясындағы баспасөз мәслихатында ТМД миссиясының басшысы Сергей Лебедев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

ТМД миссиясы бақылаушыларының бұл Қазақстандағы жүргізіп отырған -16-шы сайлауы. Сондықтан Қазақстан біз үшін өте жақын болып кетті дейді ол. Сондай-ақ сайлау учаскелерінен сайлауға дайындығы туралы айтты.

Қазақстанда сайлау науқаны басталғаннан-ақ біз жұмысты бастап кеттік. Барлық аймақтағы учаскелерді біз толық тексеріп шықтық. Нәтижесінде сайлау учаскелеріндегі жағдай талапқа сай екендігін айтқымыз келеді. Бір сөзбен айтқанда, дайындықты жақсы деп бағалауға болады»,-деді ол.

Сондай-ақ ол мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беру құқығына да тоқталды.

Өңірлердегі сайлау учаскелерін аралау барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға оның ішінде мүгедектерге жағдай жасалғанын көрдім. Арнайы пантустар қойылған. Сондай-ақ, кабиналардың ішін де жіті тексердік. Қаламсап қоятын полкалар да төмен орналастырылған екен,-дейді ол.

Оның сөзінше, бұл сайлаудың әділ өтуіне тағы да сенім білдіртеді дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін дауыс беру күні ТМД-ның 8 елінен 174 халықаралық бақылаушы келетінін жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы