Қазақстанның Ресейдегі елшісі қазақстандық студенттермен кездесті

16 Қыркүйек 2023, 22:20
2168
Бөлісу:
Қазақстанның Ресейдегі елшісі қазақстандық студенттермен кездесті
Фото: gov.kz

Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің «Қазақстан» павильонында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаевтың Мәскеу жоғары оқу орындарының қазақстандық студенттерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дипмиссия басшысы жиналғандарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырып, елімізде мамандар даярлауға үлкен көңіл бөлінетінін еске салды. Соның нәтижесінде көптеген қызмет салалары үшін сапалы кадрлық резерв құрылады. Осы тұрғыда Елші сапалы білім алудың маңыздылығына тоқталып, мемлекет жастарды оқыту мен одан әрі дамыту үшін қолдау көрсетуді және қолайлы жағдай жасауды жалғастыратынын атап өтті.

Қазақстандағы жаңғыру мен реформалар үдерісі инновацияларды табуға және енгізуге қабілетті, цифрлық экономика процестерін түсінетін, ақпараттық коммуникациялар мен заманауи технологиялардың ерекшеліктерін түсінетін мамандарды үнемі толықтыруды талап етеді. Бүгінгі ғылым мен техниканың алға басуы соншалық, өзін өзі дамытпағандар артта қалуға мәжбүр. Сондықтан үнемі білім мен жаңа дағдыларды меңгерген адамдар ғана сұранысқа ие және табысты болады, – деді Дәурен Абаев.

Кездесудің одан әрі барысы диалог түрінде өтті, жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.

Соңында студенттер шағын концерттік бағдарлама ұсынып, университеттердегі өз қауымдастықтарының қызметі туралы презентация жасады.

Өзгелердің жаңалығы