Бұл туралы Сенат отырысында сенатор Амангелді Толамисов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Отырыста көші-қон және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланып жатыр.
Эмигранттардың ең көп саны Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарынан негізінен ТМД елдеріне кетеді. Көшіп кетушілердің ең аз саны Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстарында тіркелген, - деді ол.
Толамисов бұл елдің әртүрлі аймақтары арасында баланстың бұзылуына әкелетінін айтты.
Солтүстік-шығыс және орталық аймақтарда халық азайса, ал оңтүстік-батыс аймақтар мен ірі қалалардың халқы өсуде. Бұл жағдай әсіресе техникалық мамандықтар бойынша жұмыс күшінің тапшылығына әкеледі, - деді сенатор.
Ол осыған байланысты заңда көзделген нормалар азаматтарды конкурстан тыс тәртіппен шаруа және фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін алу құқығын беру жолымен жұмыс күші артық өңірлерден еңбек тапшылығы бар өңірлерге көшіру үшін жағдай жасау, оларға материалдық көмек төлеу маңызды мәнге ие екенін атады.