Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр қалаларында дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады.Бұл туралы BAQ.KZ ҚР Сыртқы істер министрлігінің телеграмм каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен қатар Джакарта мен Бангкок қалаларында сайлау учаскелері ашылды.
Бүгін, 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.
Токио мен Сеулден алғаш болып қазақстандық кәсіпкерлер Сырымбек Тау мен Юрий Цой дауыс берді.