Бұл туралы Президенті жанындағы ҚСЗИ Жаһандық экономика және тұрақты даму бөлімінің басшысы Ерлан Жақыпов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында бірқатар негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелер қаралып, Мемлекет басшысы одан әрі дамыту үшін айтарлықтай әлеуеті бар көлік-логистика саласына баса назар аударды.
Мемлекет басшысы еліміздің халықаралық аренадағы бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі ретінде Транскаспий дәлізін (ТКК немесе Орта дәліз) дамытудың және транзиттік әлеуетінің стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Үкімет мәліметтері бойынша, 2024 жылы жүк тасымалының көлемі тұрақты өсім көрсетіп, 10%-ға өсті, шамамен 1 млрд тоннаны құрады. Әсіресе, тасымалдау көлемі 2,7 есеге өскен Транскаспий бағыты бойынша контейнерлік тасымалдау секторында айтарлықтай өсім байқалады. Бұл жаһандық логистикалық тізбектердің негізіне айналып отырған негізгі көлік артерияларының серпінді дамуын көрсетеді.Атап айтқанда, биыл "ҚазМұнайГаз" Қашаған кен орнынан Ақтау порты арқылы Баку портына мұнайдың бірінші транзитін сәтті жүзеге асырды, бұл энергетикалық бағыттарды әртараптандырудағы маңызды қадам болды, - деді Ерлан Жақыпов.
Бұл жоба Транскаспий бағытының әлеуетін нығайтуға және жаһандық логистикалық желінің негізгі элементі ретінде аймақтың маңыздылығын арттыруға көмектеседі.
Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, 2030 жылға қарай Орта дәліз бойынша Каспий теңізі арқылы тасымалдау көлемі үш есе артып, 11 миллион тоннаны құрайды, оның 4 миллион тоннаға жуығы контейнерлерде тасымалданады. Транзиттік жүктердің негізгі бөлігі Еуропа мен Қазақстан арасындағы, сондай-ақ Еуропа мен Қытай арасындағы сауданың бір бөлігі ретінде осы бағыт арқылы өтеді.
Осы өршіл мақсаттарға қол жеткізу үшін көлік инфрақұрылымын жетілдіруді жалғастыру қажет. Logistics Performance Index (LPI) рейтингінің «көлік инфрақұрылымы» қосалқы индексінде Қазақстан 2018 жылғы бағалаумен салыстырғанда позициясының жақсартқан, 138 елдің арасында 80-орынға ие болды (2018 жылы 81 орын). Дегенмен, позицияларды одан әрі нығайту және жүк тасымалы көлемінің өсуін ынталандыру үшін айтарлықтай күрделі салым қажет. Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) болжамдарына сәйкес, Орталық Азияның көлік инфрақұрылымын айтарлықтай жақсарту үшін қажетті инвестицияның жалпы көлемі Қазақстан үшін 5,5 миллиард еуроны және жалпы аймақ үшін 18,5 миллиард еуроны құрайды, - - деді Ерлан Жақыпов.
Осылайша, көлік-логистикалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту еліміздің жаһандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың және оның жаһандық экономикалық процестерге интеграциясын арттырудың негізгі факторы болып табылады.