Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафиннің Пәкістанның Қаржы, кірістер, экономикалық мәселелер, статистика және жекешелендіру федералды министрі Шамшад Ахтар ханыммен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Елші Қазақстан мен Пәкістанның екіжақты қарым-қатынастарының ағымдағы жай-күйі туралы, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржылық және көліктік-логистикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған іс-шаралар туралы хабардар етті.
Өз тарапынан Шамшад Ахтар ханым Қазақстанның Пәкістан үшін маңыздылығын атап өтіп, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға қызығушылық білдірді.
Сонымен қатар, Министрлік басшысы үкіметтік делегациясымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысын өткізу үшін Қазақстанға келуге дайындығын растады.