Астанада 20 мамыр күні түстен кейін жел екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Алматыда найзағай тұрып, жел екпіні 17 м/с жетеді.
Шымкентте күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік - батыстан жел соғып, жоның екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетіп, 1 градус аяз тіркеледі.
Оңтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр жауады деп күтілуде.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай, ал Қарағанды облысының оңтүстігінде жел тұрады. Облыстың шығысында өрт қаупі жоғары.
Түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.