20 қараша, бейсенбі күні республикалық автожолдардың бірқатарында күрделі метеожағдай күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі «Қазавтожолға» сілтеме жасап.
2025 жылғы 20 қарашада Қостанай, Алматы, СҚО, Жетісу және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтілуде.
Жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады, - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін 15 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялан болатын.