Қазақстанның батысында ыстық ауа райы сақталады

7 Шілде 2020, 16:20
1555
Бөлісу:
Қазақстанның батысында ыстық ауа райы сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше облыста дауылды ескерту жариялады.

Күндіз 8-10 шілде аралығында Атырау облысының оңтүстігінде 40-42 градус өте қатты ыстық ауа райы сақталады.

8 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші кей жерінде 18 м/с күтіледі.

Ақтөбе қаласында 8 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.

8 шілде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 41 градус қатты ыстық сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%, - делінген хабарламада.

8 шілдеде Ақмола облысының кей жерінде найзағай күтіледі.

Көкшетау қаласында түнде және таңертең 8 шілдеде найзағай күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.

Күндіз 8-10 шілдеде Батыс Қазақстан өте қатты ыстық 40-42 градус сақталады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

8 шілдеде Қостанай облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

Өзгелердің жаңалығы